Жыл басынан бері облыста скарлатинамен ауырудың 261 жағдайы тіркелді. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға төмен. Скарлатина – бұл адамдардың көпшілігі балалық шақта жұқтыратын инфекциясы. Аурудан кейінгі иммундық қорғаныс өмір бойы сақталады. Скарлатинаға қарсы вакцина жоқ.
Мамандардың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері стрептококк инфекциясын жұқтырғаннан кейін 2-7 күн өткен соң пайда болады – алдымен температура 39-40°C дейін көтеріледі, содан кейін әлсіздік, бас ауруы пайда болады, денеге бөртпе шығады. Скарлатинаның алдын алудың маңызды бөлігі жеке гигиенаны сақтау, балаларды қолды үнемі жууға, ауыз қуысын күтуге, жеке сүлгіні, тіс щеткасын, бөтелкені ұстауға үйрету – осы қарапайым шаралардың барлығы стрептококк инфекциясының таралу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға бармау, үй-жайларды жиі жуып, желдету, Жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері бар адамдармен байланысты шектеу. Ал ауру белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай дәрігерді үйге шақыру қажет.