Өңірде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жоба қолға алынды. ҚР Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы өкілдері Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Бұл іс-шара сондай-ақ 15 қараша – Ұлттық валюта күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Мектеп оқушылары Ұлттық банк филиалына алғаш рет келіп отыр. Оларға мұнда қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған ерекше сабақ ұйымдастырылды. Филиал директоры Диас Мэлстің айтуынша, бұл бастама банкте бірінші рет қолға алынған.

ДИАС МЭЛС –ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ұлттық банк қызметкерлері біраз уақыттан бері қаржылық сауаттылықты арттыру және жалған ақша жасаумен күресу мақсатында мектептер мен оқу орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. /+скл 03:35 -04:52/ Бүгін қызығушылық танытқан оқу ұйымдарымен кездесіп, Ұлттық банкке экскурсия өткізуге шешім қабылдадық. Мұндай экскурсиялар алдағы уақытта да жалғасын табады, себебі алда қаржыгерлер күні мен ұлттық валюта – теңге күні тұр.

Жоғары сынып оқушылары ұлттық валюта күні қарсаңында теңгенің тарихына үңіліп, коллекциялық монеталар көрмесін тамашалады. Филиал қызметкерлері оқушыларға қорғау элементтері, жаңа банкноттар сериясы, инфляция, базалық мөлшерлеме және елдің ақша-несие саясаты туралы қарапайым тілмен баяндалған бейнероликтерді ұсынды. Сондай-ақ, балалар тақырыптық викторинаға қатысты. .

АСХАТ ӘБІЛМӘЖІН – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

– Бүгін Ұлттық банкке келгеніме өте қуаныштымын. Осы арқылы теңгенің әр кезеңде жаңарып отыратын стилдерін және оның қалай қорғалатынын көрдім. Жаңа ғана айтылған ақпараттар арқылы теңгенің бірнеше қорғаныс қабатымен қорғалғанын және оның маңыздылығын түсіндім.

1993 жылы 15 қарашада төл валюта – теңгеміз айналымға шығарылған еді.

Жанар Ибраева, Адилия Кушекова, Анатолий Белоног «Жаңалықтар қызметі»