Облыста күн райы құбылмалы болып тұр. Боран мен көктайғақ салдарынан жолдар жабылып, қар құрсауында қалғандар құтқарылған. Қолайсыз ауа райына байланысты травматологиялық пункттер де күшейтілген режимде жұмыс істем жатыр.

 Өңірге қылышын сүйреп қыс келді. Ақ түтек боранның соңы көктайғаққа ұласты. Облыстағы травмотогиялық орталық кешелі бері жарақат алған 120-дан астам адамды қабылдаған. Оның 44 -і түрлі сынық пен жүгінсе, 46-сы жарақат алған. жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер де бар.

ДЕНИС ПЕТРОВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕДІ:

- Госпитилизирована (перевод) Өткен тәулікте 50-ден астам науқасқа гипс салып бердік. 6 адам ауруханаға жатқызылды. Бір науқас жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған. Көшеде, жолда қала тұрғындарын абайлап жүруге шақырамыз. Дұрыс аяқ киім таңдап, жылы киінген абзал.

Полицейлердің айтуынша, өткен тәулікте солтүстік қазақстан облысы бойынша 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам жарақат алған. Бірі республикалық маңызы бар Астана – Петропавл тас жолында болды.

АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Жүргізушілер барынша жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауы тиіс. Күн райының бұзылуы туралы келген хабарламаларға бей-жай қарамауға шақырамыз. Қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпаңыздар.