Облыстың бюджет шығыны 2,1 млрд теңгеге ұлғайтылмақ. Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Қаржы басқармасы бөлінген ақшаның қайда жұмсалатындығын тізіп берді.
Облыстық бюджетті нақтылау өңірдегі төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында жүргізіледі. Облыстың бюджеттің шығыс бөлігі 2,1 млрд теңгеге ұлғайтылмақ. Оған бірқатар ведомстволардың үнемдеу арқылы шығындарын азайтуы себеп.
НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бюджеті 365,6 млн. теңгеге қысқартылсын. Оған, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау-190,4 млн. теңге, халыққа иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау – 59,5 млн.теңге. кіреді. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеті 909,4 млн.теңгеге төмендетілсін.
Оның ішінде адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бөлігіндегі шығыстар 441 млн теңгеге азайды. Олардың қатарында қоғамдық жұмыстар, Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар бар. .
ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
- Сегізінші тармақ, үнемдеу туралы ма? Барлық жерде бірдей сан көрсетілген. Мұның жасанды үнемдеу екенін түсініп тұрмыз.
Бұл сұрақтарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жауап бере алады, деп түсіндірді баяндамашы. Сонымен қатар, игерілмеген қаражат келесі жылдың басында қайта бөлінеді.
НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бұл сессия бекітілгенге дейін, біз оны тіркегенге дейін, төрт рет қайта тексеретін жоспарларды қазынашылыққа тапсырғанға дейін ешқандай операциялар болмайды.// Биыл көктемде су тасқыны болды. 1 жыл ішінде 16,5 млрд. теңгеге – резерв нақтыланды.
Сондай-ақ, кездесуде цифрлық технологиялар басқармасына қатысты жоба талқыланды.