Облыстық халық штабының өкілдері Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттерімен және мұғалімдерімен кездесті. Тақырып - атом электр стансасының құрылысына қатысты 6 қазан күні өтетін референдум жайында. Халықтық штабтың құрамында бүгінде 86 адам жұмыс істейді, олар қазір түрлі ұжымдармен кездлесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Жалпы жасыл экономиканы қолдау үшін АЭС керек. Себебі АЭС экологияға ешқандайда көмірқышқыл газды шығармайды. Мысалға елімізде жылына 350 млнға жуық көмірқышқыл газы ауаға жіберетін болса, АЭС қолданғанда болсақ бізде ешқандайда газ қолданылмайды. Экологиядан келетін апаттар өте аз болып келеді. Сондықтан біз осындай кездесулерді ұйымдастырып АЭС тиімді жақтарын түсіндірудеміз.