Осындай кездесу Петропавлдағы №3 өрт сөндіру бөлімінде де өтті. Петропавл қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев өрт сөндірушілерге алдағы рефрендум жайында айтып, оған қатысудың маңызын түсіндірді.


ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Құтқарушылар – нағыз батыр азаматтар. Көзі ашық, көкірегі ояу, жігіттер еліміздегі қазіргі жағдайға қанық. Электр энергиясының жетіспеушілігі туындаған жағдайда ел экономикасы құлдырайтыны түсінікті. Мен өрт сөндірушілердің референдумда дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдімін.