Облыс прокурорлары бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жасап, әлеуметтік жәрдемақы төлеуде заң бұзушылықтарды анықтады. Әлеуметтік Кодекстің 71-бабына сәйкес бірге тұратын кәмелетке толмаған үшеуден көп баласы бар көп балалы отбасыларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы түрінде әлеуметтік қорғау қарастырылған.


Кодекстің осы белгіленген талаптарына қарамастан, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар 8 шетелдік отбасы заңсыз әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Олар балаларының басқа елге кетуіне байланысты өздерімен бірге тұрмайтынын уәкілетті органға хабарламаған. Салдарынан 5 млн теңгеден астам соманы қалтаға басқан.. Қазіргі таңда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша жәрдемақы беру оқтатылды, олардан заңсыз алынған ақшаны ерікті түрде өтеу туралы міндеттемелер алынды.