Елімізде АЭС салу қажет пе, жоқ па? Дәл осы сұраққа өз таңдауын жасап, қазақстандықтар 6 қазанда дауыс береді. Облыстық мәслихатта Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың қатысуымен алдағы жалпыұлттық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.


15 қыркүйек күні облыстағы учаскелерге дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімі берілді. Оған барлығы 375 мың 236 солтүстік қазақстандық кіреді. Референдум өткізуге 606 комиссия жұмылдырылады, оның 3 430 мүшесі бар. Жалпы облыста 591 референдум учаскесі ашылған. Оның 97-і Петропавлда орналасқан.


КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Учаскелік комиссиялар алдағы он күнде референдумның әрбір қатысушысы үшін атаулы шақыртуды толтыруы тиіс. Бұл шақыртуда QR кодқа сілтеме болады. Осы сілтеменің астында біз дауыс берушілерге арналған ақпаратты орналастырдық. Азаматтар өз учаскесіне сағат таңғы 7-ден түнгі 11-ге дейін бара алады. Өзімен бірге жеке куәлік болуы тиіс.