"Петропавл Жылу Желілері" ЖШС және "Севказэнергосбыт" ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп инвестициялық бағдарлама жобасын және тарифтік сметаны орындау бойынша баспасөз-турын өткізді. Іс-шараға БАҚ және қоғам өкілдері, депутаттар қатысты.


Биыл тамыз айында Ружейников көшесі бойында диаметрі 500мм құрайтын №6 жылу магистралінің учаскесін қайта жаңарту бойынша жұмыс басталды. Бұл құбырдың салынғанына 40 жылдан астам уақыт өткен. Мердігер компания - «Строительное Управление Энергострой» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы 1,7 км /бір бүтін оннан жеті км/. Жоба 2024-2026 жылдар аралығында іске асырылуы тиіс. Биыл шамамен 400 метр құбырды ауыстыру жоспарланған.


ВИТАЛИЙ ХОЛОША, "ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бұл учаскенің 95% тозығы жеткен. Бұл жерде қысы жазы су тұрады. Сол себепті зақымданған жерге жету өте қиын.


"Тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасы аясында "№1 сорғы станциясы күрделі жөнделіп жатыр, жоба жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.


ВИТАЛИЙ ХОЛОША, "ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Іргетасын бекіттік, электр цехының ғимаратына еден салынды. Мына фотосуретте жаңа желілік сорғылардың орнытылғанын көресіз. Дәнекерлеу, тағы да басқа бірқатар жұмыс жүргізілген.


Баспасөз-туры барысында «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры- Мағауия Сағандықов іс-шараға қатысушыларды жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Инвестициялық бағдарлама көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, қызметкерлерді заманауи компьютерлік бағдарламалық техникамен және жиһаздармен қамтамасыз етуге бағытталған.


МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Кәсіпорынның даму жоспарларына коммуналдық және басқа да қызметтердің басқа жеткізушілерін тарту және Бірыңғай төлем құжатына енгізу арқылы дебиторлық берешекті азайту, қызметтерді сату көлемін ұлғайту және бірыңғай есеп-айырысу орталығын кеңейту қарастырылған.


Айта кету керек, кәсіпорынның электр энергиясын 165 мыңнан астам , ал жылу энергиясын 78 мыңнан астам тұрғын тұтынады.