Петропавлда полицейлер маскүнем ата-ананың балаларын кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына алып кетуге мәжбүр болды. Өңірде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. 


Кешке жақын Петропавл қ. полиция басқармасының алаңында прокуратура, білім бөлімінің, басқа мемлекеттік органдардың өкілдері, волонтерлар жиналды. Олардың барлығы «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен түнгі рейдке қатысты.


НҰРГҮЛ ӘБДІЛМАНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Қыркүйек айының 17 мен 19 аралығында СҚО аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың сауттылығына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу – мақсаты болып табылады. 


Жедел-профилактикалық іс-шараға қатысушылардың басты назарында – тұрмысы қолайсыз отбасылар мен полицияда есепте тұрған жасөспірімдер.


ЕЛЕНА ЗАВЬЯЛОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылардың тұрмыстық жағдайына, ата-аналардың тәртібіне назар аударамыз. Олармен алдын алу сипатындағы әңгіме жүргіземіз, қажет болған жағдайда ювеналдық полициямен бірлесіп әкімшілік шаралар қабылданады. Егер жағдайлары түзелмесе, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға шақырамыз. 


Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 4 фактісі және ата-ана міндеттерін орындамаудың 2 дерегі анықталды. Есепте тұрған отбасылардың бірінде тазалық мүлдем сақталмайды. Бұған дейін отбасыға бұл туралы ескерту берілген.


Ал келесі үйде тәртіп сақшылары келгенде ерлі-зайыптылар мен осы үйге келген қонақ әйел ішімдік ішіп отырған. Сыртқы есік те, ауладағы дуалдың есігі де жабылмаған.


Ересектер медициналық куәландыруға әкетілгендіктен, 14 жастағы ұл мен 9 жастағы қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша жеткізуге тура келді. Олардың ата-аналары орташа дәрежедегі мас күйде болған. Бұған дейін де биыл ерлі-зайыптылар осындай құқық бұзушылыққа жол берген. Оларға бұның соңы немен аяқталатыны жайлы айтылып, бірталай ескертулер жасалды. Енді материал жиналады, бұл жолы олардың әрекеті кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралмақ. Полицейлердің айтуларынша, осындай жұмыстардың мақсаты – есепте тұрған отбасыларда моральдық ахуалды жақсарту, балалардың құқықтарын қорғау. Өйткені балалар жақсы жағдайда дамып, өмір сүруге құқылы.