Атом электр стансасының құрылысына қатысты өтетін референдум қарсаңында өңірде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық халық штабының өкілдері үй-үйді, халық көп жиналатын орындарды аралап, үгіт насихат парақтарын таратып жүр. Сондай-ақ кездесулер де ұйымдастырылады. Солардың бірі – Петропавлдағы «Южный» базарында болды.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Достық базарына келіп, тұрғындарға АЭС жайлы ақпаратпен бөлісетін боламыз. Халықтық штабта 86 адам бар жұмыс жасайтын. Әрқайсымыз күніне 2-3 кездесу өткіземіз. Қазір енді көптеген мекемелерге бардық. Қалада ғана емес сонымен қоса шалғай ауылдарға барып, халықтармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.