Петропавлда қыркүйектің 21-і мен 22-сі су болмайды. Себебі «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желісін дезинфекциялау және жуып-шаю жұмыстарын жүргізеді. Жалпы су құбырлары жыл сайын тазартуды қажет етеді. Мамандардың айтуынша, су берілгеннен кейін де оны бірден пайдаланбаған дұрыс.


АНДРЕЙ ФОМИЧЕНКО, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

- Су құбырларын дезинфекциялау және жуып шаю жұмыстары жыл сайын міндетті түрде жүргізілуі керек. Сондықтан 2 күн қалада су болмайды. Дезинфекция кезінде сырттағы құдықтан да су алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге тыйым салынады. Бұл жұмысқа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.