Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі әуе бағыттарын және әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға мұқият қарауды тапсырды. Әр өңірдегі табиғаты әсем туристік аймақтарды дұрыс пайдалану қажет екеніне назар аударды. Демалыс орындарында сапасы жоғары инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек екенін де тілге тиек етті.


Қасым-Жомарт Тоқаев туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны барынша сақтау маңызды екенін ерекше атап өткен болатын. Еліміз географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасса да бұл салада әлі де қарқын жоқ. Туризмге тың серпін беру үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселесі мен қызмет сапасын түбегейлі шешу керек.


ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» РҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мысалы біздің өңірімізде демалатын орындар жетерлік. Оның ішіне бәрі білетін Имантау –Шалқар курорттық аймағы кіреді. Біздегі ең үлкен мәселе – жол және әуе бағыттары өте аз. Алдағы жылдары бұл мәселелер өз шешімін табады деген ойдамын.