Аққайың ауданында ер адам өз ауласында «POLARIS» маркалы квадроциклді аударып алып, салдарынан қасында отырған 4 жасар бала мерт болды. Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында болған.


Ауыр жарақат алған 4 жасар бала бірден орталық аудандық аурухана жеткізілгенімен, дәрігерлер бала өміріне араша түсе алмады. Квадроциклдің жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.