Петропавлда облыстық маслихаттың кезекті 17 сессиясы өтті. Жиында 18 мәселе қаралды. Солардың бірі - халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау әдістерін жетілдіру, әлеуметтік карталарды және өтемақының басқа да нысандарын енгізу.


Жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі ол халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде аз қамтылған азаматтарды қолдау.Осы санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, оған қаржылай көмек, жұмыспен қамту, сондай-ақ 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем төлеу кіреді. Биыл ол 1,5 АЕК яғни, 5538 теңгені құрап отыр.


РИНАТ ЕЛЖАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан бері өңірде 281,6 млн. теңге сомасында 4310 адам АӘК алды. Сонымен қатар отбасылардың табысын арттыру мақстаныда 399 адам жұмыспен қамтылды олардың 244-і тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, ал 103 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 11 адам - әлеуметтік жұмыс орнына; 15 адам – оқуға; 11 адам-жастар практикасына ал қалған 15 адам. – грантқа ие болды.


Облыста кедейшілік деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылЫП ЖАтыр. Осыған байланысты жыл сайын АӘК алушылардың саны 25% - ға төмендеп келеді.


Сонымен қатар биыл 262 отбасыға 9 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үй көмегі тағайындалды.