Биыл Жамбыл ауданына мемлекеттік бағдарлама аясында 48 отбасы қоныстануы тиіс. Олардың басым бөлігі – 113 мүшесі бар 32 отбасы көшіп келіп, мемлекеттік қолдау – арнайы төлемдерді алды. Кейбірі тіпті кәсіптерін де бастап кетті. тіп отырған тұрғындар да бар.


Гүлнұр Арыстанова өңірге 2 жылдан астам уақыт бұрын көшіп келген. Өзі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының тумасы. Қоныс аударғаннан кейін араға көп уақыт салмай, грант алып өзінің сұлулық салонын ашқан. Ауыл тұрғыны қыз-келіншектерге жасанды кірпік өсіру, шаш бояу және тырнақ әрлеу қызметін көрсетіп келеді. Кәсіпкер әйел осылайша ауданның дамуына өз үлесін қосып, отбасын тұрақты табыспен қамтып отыр.


ГҮЛНҰР АРЫСТАНОВА, ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ:

- Арнайы бағдарламамен 1 млн 380 мың теңге грант алдым. Ол қаражатқа осы салонға диван, кресло және тағы басқа керекті құрал-жабдықтар сатып алдым. Күніне 4-5 адам қабылдаймын. Шаш қию болса көбірек, кірпік жсату болса 2-еу. Әр кезде әртүрлі. Болашақта жағдайы төмен отбасыдан шыққан жандарды тегін оқытып,үйретіп, кез келген маман иесі жасағым келеді.