Президенттің Халыққа Жолдауы Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа бағыт берді. Құжатта мемлекеттік органдар үшін нақты міндеттер және елдің даму перспективаларына нақты көзқарас тұжырымдалған. Мысалы, енді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Олардың өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам деп атап өтті мемлекет басшысы.


АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл еліміз үшін маңызды оқиға, өйткені азаматтар сайлауға түсіп, тиісті дауыс жинау арқылы аудан әкімі бола алады. Ауылдық округ әкімдеріне қатысты ұзақ уақыт жұмыс істеген институт оң нәтиже көрсетті. Былтыр біздің облыста да қолға алынған пилоттық жоба аясында азаматтардың белсенділігін көрдік, олар әкімдердің жұмысына қатысты пікір білдіріп, қызығушылық танытты. Сондықтан Мемлекеттік қызмет оң өзгерістерге ие болатынына сенімдімін.