Облыс прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалу фактісін анықтады. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, 28 қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.


Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы әрекет жасаған. Яғни, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемеақыларды өтеу есебінен 1,3 млн теңге мөлшерінде жалақы ұсталған. Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз ұсталған ақша қайтарылды. Еңбек құқықтарын қорғау мәселесін облыс прокуратурасы тұрақты бақылауға алған.