Петропавлдағы Назарбаев көшесі, 154 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. ТЖД қызметкерлері 24 адамды құтқарды. Оның алтауы бала. Сондай-ақ, баспалдақ маршымен 70 тұрғын эвакуацияланды. Тілсіз жау 9 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.


МАРАТ СЫЗДЫҚОВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 16 қыркүйек күні кешкі сағат 20:55 те көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. От 22:02 де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 60 адам және 16 техника жұмылдырылды.