Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде қоғамдық штаб өкілдері мен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шара атом электр станциясының құрылысына арналды.


Ел экономикасын дамыту үшін электр энергиясы қажет. Сондықтан спикерлер АЭС құрылысының өзектілігін түсіндіретін кездесулер өткізіп жатыр. Бұл міндет халық штабына да жүктелген. Облыстық халық штабы құрамында 60-қа жуық өкіл бар. Облыстық мәслихат депутаты Ербақыт Амантайұлының айтуынша, тұрғындар осындай кездесулерде негізінен қауіпсіздік, сала мамандарының тапшылығы туралы мәселені көтереді.

Штаб алдағы уақытта аудандарда да кездесулер ұйымдастырмақ.


ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Қазақстанда қазіргі таңның өзінде энергияға деген дефицит байқалуда. Әсіресе оңтүстік өңірлерде тұрғындар саны көп, кәсіпорындар саны көп. Ол жақ қазірдің өзінде Ресейден, оның ішінде аз көлемде Қырғызстан мен Өзбекстаннан аз көлемде энергия тасымалдауда. Бұл біздің энергиялық қауіпсіздігіміз үшін өте қауіпті деп ойлаймын. Енді болашақта тіпті де қажеттілік арта түседі. Бұл тапшылықты жою үшін бізге АЭС ауадай қажет.