СҚО-да әр бесінші жол апаты трассада болады. Осыған орай өңірде 13-15 қыркүйек аралығында «Түнгі жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Жол-көлік оқиғаларын төмендетуді мақсат еткен акцияға полицейлер мен «жедел жәрдем» қызметкерлері қатысты. 


ҚР ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, орташа есеппен алғанда әр төртінші жол-көлік оқиғасы түнде немесе қас қарайған уақытта болады. Бұл мезгілде жолдың көрінуі төмендеп, жүргізушілердің шаршаңқылығы артады. Апатты төмендету үшін полицейлер мен «жедел жәрдем» қызметкерлері облыста 13-15 қыркүйек аралығында «Түнгі жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Түнде қала сыртындағы жолдарда көлік қозғалысы азаймайды. Алысқа қатынайтын фуралар, құрылыс алаңдарына, егістік басына баратын ауыр жүк көліктері арлы-берлі жүреді. Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Жүргізушілердің жағдайын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.


СЕРГЕЙ ШЕЛЬНИКОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

33 жылдан бері көлік жүргізіп келемін. Қазір «Гранит-солтүстік» ЖШС-де жұмыс істеймін. Жолдарды жасаймыз. Қазір сізге қысым өлшенді, ме? - Иә, денсаулығыңыз жақсы, мен шағымданбаймын. 


Сондай-ақ полицейлер мен медицина қызметкерлері жүргізушілерге ұйқы қысқан жағдайда не істеу керек екенін айтты. Олардың ішінде қарапайым дене жаттығуларын жасау, суық сумен жуыну, ыстық шай ішу сияқты кеңестер бар. Ал қажет болған жағдайда полицейлер жүргізушілердің алдына түсіп, оларды демалатын кемпингтерде жеткізіп, кофе мен бауырсақтар үлестірді.


САБЫРЖАН ОСПАНОВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Апаттылық деңгейін төмендету, тәртіпті қатаңдату, түңгі уақытта жүргізушілердің назары мен сақтығын артыру мақсатында СҚО аумағында қыркүйектің 13 мен 15 аралығында мүдделі қызметтермен өзара қимыл жасау арқылы «түңгі жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жүргізушілердің денсаулығы, көлік құралдардың техникалық жағдайы, медициналық қобдишаның болуы тексерілді.


Облыста адамдар зардап шегетін әр бесінші жол-көлік оқиғасы республикалық маңыздағы жолдарда тіркеледі. Жыл басынан мұндай 59 факті тіркелді, 17 адам көз жұмып, 113 адам жарақат алды.