Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясы тапшылығы туындайтынын айтты. Қазірдің өзінде электр энергиясына сұраныс артып, жетіспеушілік байқала бастаған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, атом электр станцияларын 30-дан астам мемлекет пайдаланады. Оның басым көпшілігі Еуропада, Солтүстік Америкада, Қиыр Шығыста және бұрынғы КСРО аумағында орналасқан.


Мамандардың айтуынша, АЭС салудың бірнеше сатысы бар. Алдымен орны бекітіліп, жобалау жұмыстары басталады. Тек жобалауға ғана кемінде 5 жыл уақыт қажет. Яғни ол жан-жақты сараланады. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Жастар ресурстық орталығының еріктілері халыққа үгіт насихат қағазын таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар қазан айының басына дейін жалғасатын болады.


АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ:

- Референдум 6-шы қазан өтеді. Сондықтан барлық қала тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз. Сіздердің дауыстарыңыз маңызды. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан ең көп қойылатын сұрақтардың бірі Қай жерге барып дауыс береміз? Деген. Сондықтан барлығына өз тұрғылықты жеріңіз бойынша дауыс беріңіз деп кеңес береміз.