Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу сайысы өтті. Ұлттық ойынымыз өңірдің түкпір түкпірінен келген ұл-қыздардың басын қосты. 2 күнге созылған чемпионатта 100-ден астам оқушы бақ сынасты.


Береке шағын ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Тоғызқұмалақтан өткен облыстық іріктеу ойыны осыған орай ұйымдастырылды. Барлығы – 10 топ сайысқа түсті. Қатысушылардың жартысы – ауыл балалары.


ЖОМАРТ ОМАРОВ, СҚО ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Биыл Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов атындағы мектептің 5 жылдығына орай ұлттық спорттың 5 түрінен шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның аясында облыстық аудандар арасында іріктеу ойынын тоғызқұмалақтан өткізіп жатырмыз. Республикалық чемпионат біріншілікке.


Жиын салтанатты түрде ашылды. Қатысушылардың арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінен келіп отырған Ерхан Ғаббас та бар.


ЕРХАН ҒАББАС, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Мен тоғызқұмалақты бастуыш сынаптан берің ойнаймын. Теміртауда болғанда үйренгенмін. Жарыстарға барынша жиі қатысуға тырысамын. Жеткен жетістіктерім де жетерлік.


Айта кету керек, іріктеу сайысынан өткен ұл-қыз қазан айының 1-і мен 8-і аралығында Семей қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алады.