С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Даун синдромы – ұят емес» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – Татьяна Делль «Солнечный дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы. Оның жинағында Қазақстанның түкпір түкпірінде тұрып жатқан осындай диагнозы бар 40 баланың тағдыры баяндалған. Ерекше балалардың ата-аналары, отбасы мүшелері туындаған қиындықтарымен қалай күрескендерін айтады.


Даун синдромымен туған балалар өте мейірімді болады. Жасанды қылық жасауды білмейді. Сондықтан, оларды «күн сәулелі балалар» деп те атайды. Кітаптың авторы - Татьяна Делльдің өзі «Алиса» есімде ерекше қыздың анасы.


ТАТЬЯНА ДЕЛЛЬ, «СОЛНЕЧНЫЙ ДОМ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Бұл Қазақстандағы даун синдромымен бар балалар туралы алғашқы кітап. Мен өзім осындай ерекше қызды дүниеге әкелгенде не істейтінімді білмедім. Маған тәжірибелі ата-аналардың көмегі қажет болды. Менің қызым Алиса қазір 10 жаста. Мектепке барады. Жеңіл атлетика үйірмесіне қатысып, түрлі жаттығулар жасайды. Сурет салады, би билейді. Өте дарынды.


Татьяна Делль даун синдромы диагнозы қойылған бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдап, олардың мықты екенін айтқысы келген. Кітапты оқыған әр оқырман жақсы ой түйгенін қалайды. Ерекше балалар ешқашан қоғамнан шеттетілмесе екен дейді.


ЛИА МКРТЧЯН, ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Біз Татьянамен жақында таныстық. Ол өзінің даун синдромымен ауыратын балалар жайында кітап жазғанын айтты. Сол кезде менің ойыма бірден кітаптың тұсаукесерін істеу керек деген ой келді. Себебі, бұл қазір қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Кітапты көпшілік оқуы қажет.


Татьяна Делль бұл кітапты жазып шығуға өзінің 2,5 жылын арнаған.