Кеше шайбалы хоккейден Pro Hokei Liga тұрақты чемпионаты аясында "Құлагер" және "Алматы" командалары арасында тартысты матч өтті. Кездесу спорт сарайында ұйымдастырылды.


Бірінші ойын 2:3 есебімен аяқталып, қонақтардың пайдасына шешілді. Екіншісінде - "Құлагер" тобы ерік-жігерін жинап, ойын барысын өз қолына алды. Нәтижесінде жергілікті команда қарсыластарын 6:3 есебімен жеңді. Осылайша петропавлдық команда 3 ұпаймен турнир кестесінде 2-ші орынға, ал алматылықтар 2 ұпаймен 5-ші орынға жайғасты.


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл Құлагер командасы өте жақсы жұмыс істеді. 50% құрамы өзгерді. Команда алдында үлкен мақсат- міндеттер тұр. Биыл Қазақстан кубогы өтіп, біздің команда жартылай финалға жетті. Оқу-жаттығу жиындары осы жылдың шілде айынан басталды, хоккейшілердің аяқ алысы жаман емес.


Ақжүніс Мұқатай