Облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы аясында пайдаланылмаған жерді анықтау және қайтару бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері қадағалаушы орган мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды.


Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау шаралары жүргізіліп, жер сот тәртібімен мемлекетке қайтарылды. Бүгінде учаскелер заңды экономикалық айналымға тартылды.