Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанынан салттық қызмет көрсетуге арналған «QAMQOR-SHARAPAT» орталығы ашылған. Орталықтың негізгі мақсаты - мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зираттарды бірізділікке келтіру. Енді мұндағы құлпытастар суретке түсіріліп, арнайы платформаға енгізіледі.


Бұдан бөлек, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының бастамасымен енді «Жерлеу» деген қосымша іске қосылады. Онда жерлеу, ас беру уақытын және жерлеу орнын көрсетуге болады. Бұдан бөлек қайтыс болғандығы туралы анықтаманы да осы қосымшадан алуға мүмкіндік туады.


МЕЙРАМБЕК РСЫМОВ, «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз қазіргі таңда айти саласының мамандарымен меморандум жасап жатырмыз. Жылдың аяғында осы республикадағы 20 облыс орталығындағы зираттар цифрландырып болғаннан кейін жылдың соңында іске қосамыз. Бұл әлі қолданысқа енгізілген жоқ. Осы Петропавл өңірі 15-ші облыс орталығы цифрландырылып жатқан. Соған осы техник мамандарымызбен келдік. Біздің мешіттің жамағаттары, еріктілер солармен бірігіп, әр қабырдың басында орналасқан құлыптасты фотоға түсіреміз. Кейін фэро сьемка екеуін біріктіріп барлығын жинаймыз.