Облыста синтетикалық есірткіні зерттейтін зертхана ашылды. Енді мамандар 24 сағат ішінде тыйым салынған заттарды анықтау бойынша сараптама жүргізе алады. Бұған дейін синтетикалық есірткілерді зерттеу бойынша сараптама жүргізу үшін мамандар Көкшетау мен Астанаға баруға мәжбүр еді.


Синтетикалық есірткі таралуы бойынша қоғамға үлкен қауіп төндірген. Қолжетімді болғандықтан қылмыс саны жыл сайын өсіп келеді. Биыл Петропавлда есірткіге байланысты 132 факті тіркеліп, 28 адам қамауға алынды.


ТЫНЫБЕК САПАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

- Қазір жастардың арасында есірткімен айналысуы және сатуына байланысты қауіп бар.Менің ойымша, олардың басым көпшілігі қазіргі заңның қаншалықты қатаң екенін білиейді. 297- бап аса ауыр қылмыстық істердің санатына кіреді. 10 жылдан бастап бас бостандығынан айырылады.


Бүгін ашылған зертханада екі заманауи жабдық орнатылған. Олардың көмегімен сарапшылар масс-спектрометрия, хроматография және басқа да талдау әдістерін қоса алғанда, жедел зерттеулер жүргізе алады.


РУСЛАН ШӘРІПОВ, ҚР ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫН, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫ, ОЛАРДЫҢ АНАЛОГТАРЫ МЕН ПРЕКУРСОРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАС САРАПШЫ:

- Препарат бірнеше қоспадан тұрса да осы жабдықтың арқасында біз есірткі жайында толық ақпарат аламыз. Зерттеу нәтижесінде анықталған барлық әдістердің жиынтығында біз жалпы қорытындыға келеміз.


Бір нысанды зерттеу 20 минутты алады. Сараптаманың өзі 24 сағат ішінде жүргізіледі. Зертханада екі сарапшы жұмыс істейтін болады. Құрылғымен тікелей жұмыс істейтін тағы қос маман арнайы оқытудан өтіп жатыр.


МӘДИНА АНДОСОВА, СҚО БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі уақытта синтетикалық есірткілерді анықтау тергеушілердің жұмысын жеңілдетіп отыр.Бұл ең алдымен әділет минситрлігінің қолдауымен және сот саратамалар орталығының тікелей жұмысының арқасында жүзеге асып отыр.


Айта кетейік, мұндай зертхана Петропавлда алғаш рет ашылып отыр. Бұған дейін синтетикалық есірткілерді зерттеу бойынша сараптама жүргізу үшін мамандар Көкшетау мен Астанаға баруға мәжбүр еді.