Облыста жыл басынан бері 356 адам ХҚКО - ның филиалдарына дипломдарын нострификаттау үшін жүгінген. Басқа мемлекетте берілген құжаттың дұрыстығын анықтап және оны заңдастыру үшін не істеу қажет? 


Егер аттестат немесе диплом шетелдік жоғары оқу орнынан берілген болса, онда міндетті түрде құжатты белгіленген тәртіп бойынша ҚР нострификациялау рәсімінен өткізу керек. Бұл басқа мемлекетте алынған дипломмен Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


АНАРА ҚҰСАНОВА, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МК" КЕ АҚ СҚОФ PR-МЕНЕДЖЕРІ:

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне 1354-і енген. Солардың бірі – нострификациялау рәсімі. Шетелдік орта білім, арнаулы орта және жоғары оқу орындарынан берілген құжаттарды елімізде осындай тексерістен өткізіп, растау қажет. Бұл қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына немесе элоктрондық үкіметке жүгіне алады.


Нострификация жасату үшін жеке куәлік, білімі туралы құжат және төлем туралы түбіртек керек. Қызмет құны 6-10 АЕК мөлшерінде.


АНАРА ҚҰСАНОВА, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МК" КЕ АҚ СҚОФ PR-МЕНЕДЖЕРІ:

- Шетелдік диплом заңды күшке ие болуы үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Құжатты нострификациялау немесе заңдастыру процесі 30-дан 45 күнге созылады.


Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген құжаттарды нострификациядан өткізудің қажеті жоқ.