Қазіргі уақытта елде өнеркәсіп белсенді дамып келеді. Ал бұл электр қуатын көп қажет етеді. Әлем уранды электр көзі деп санаса, біздің елде жеткілікті қоры бар.


Осыған орай алдағы қазан айында елде референдум өтеді. Өңірдегі халық штабы тұрғындарға үгіт-насихат қағазын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұндағы мақсат халықтың дұрыс ақпарат алуына көмектесу. Еске сала кетейік, алда өтетін референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылады.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

- Бұл жерде біздің басты мақсатымыз атом электр станциясы туралы дұрыс ақпараттар беру. Екіншіден оның пайдасы, зияны сол туралы ақпараттарды беріп жатырмыз бүгін халыққа. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан болатын, халыққа жолдауында 6 қазан күні референдум болады деді. АЭС бізге қажет пе жоқ па еген сұраққа халық болып жауап береміз.