Облыста қазіргі таңда медицина саласында 10-нан астам медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Бірақ, олардың арасында интеграцияның болмауы бірқатар қиындықтар туғызады. Соның кесірінен, азаматтарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетілмейді. Сондықтан, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйесін құру керектігін атап өтті.


Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің адам емдеумен емес, қағаз толтырумен уақыты өтеді. Президенттің тапсырмасына сай бұл проблема енді түбегейлі шешілмек.


ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Білесіздер, бізде көптеген жүйе бар. Дәрігерлер, олардың әрқайсысына кіріп отырады. Жалпы, бұл науқасты рәсімдеу кезінде көһп уақыт алады. Бір жүйе болған кезде жақсы болар еді. Бұл денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысын 50 пайызға азайтады.


Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында мемлекетттік-жекешелік әріптестіктің үш жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында құрал-жабдықтар жаңартылды. Көпсалалы облыстық ауруханада 400 мың теңгеден астам соммаға ангиографиялық аппарат орнатылған.


ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің облыста, тіпті жеке ұйымдар бар. Ол жерден адамдар медициналық көмекті ақша төлеп, кезексіз ала алады. Байқап жүрміз, ол ұйымдарға ешқандай шағым түспейді.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «медицина саласындағы кадр тапшылығы» мәселесіне де ерекше тоқталып кетті. Ол өз сөзінде «Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет, - деді.