5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 11 шақырымға құнан бәйге өтті. Солтүстік Қазақстан облысынан қосылған «Қамысқұлақ» атты сәйгүлік бұл жарыста мәре сызығына бірінші болып жетті. Осылайша шабандоз Әміре Серік тізгіндеген тұлпарға тең келері болмады. Жалпы осы бір дүбірлі додада қазақстандық 3 ат үздік атанды. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 шақты құнан қосылған еді.