Өңірде полицейлер халықтың сұрақтарына «Жолдағы қабылдау» дәстүрлі республикалық акциясы аясында жауап берді. Іс-шара әлеуметтік желілерден тікелей эфирде өтті.


Мәселен, «Бұрыш баллонына рұқсат қажет пе?» - деген тұрғын сұрағына өзін-өзі қорғау құралын полицейлер еркін сатып алуға болады деп түсіндірді. Тәртіп сақшылары 16 жастан бастап көлік жүргізуді үйренуге болатынын және оларға «А1» санаты берілетінін хабарлады. Алайда жүргізуші куәлігін тек 18 жасында ғана алуға болатынын еске салды. Акция қыркүйектің 13 және 14 аралығында өтіп жатыр. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтері бөлімшелерінің бастықтары мен тәжірибелі қызметкерлері өз жұмыстары туралы айтып, пайдаланушылардың сұрақтарына толық жауап береді. Жарты күнде полицейлерге барлығы 20-дан астам сұрақ келіп түсті. Осындай жұмысты аймақтың аумақтық бөлімшелері өздерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жүргізеді.