Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан экологиялық таза энергия көзіне мұқтаж екенін айтты. Ол үшін 6 қазан күні елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдум өтеді. Қазір өңірде осы іс-шара алдында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жастар ресурстық орталығы Президеттің Қазақстан халқына жолдауынан кейін Петропавл тұрғындарына үгіт-насихат қағазын таратып жүр. Мақсат – референдум жайында хабардар естіп, мән-мағынасын түсіндіру.
АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ:
- Біз күнде осындай парақтарды дайындап қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде жалпы адам көп жерде парақтарды таратамыз. АЭС салу мәселесі өзеті. Сондықтан алда болатын референдумда әрбір азаматтың дауыс бергені маңызды.