ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Жүсіп Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әр жылдары Елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Сарыарқа» ауданының әкімі болды. Бұл лауазымға дейін Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Жаңа қызметте ол ішкі саясат, мәдениет, білім, еңбек және дін мәселелеріне жауап бермек.