Облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті.


Жиынға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жастар Ассамблеясы» ұйымының өкілдері, ҚХА мүшелері, «Қоғамдық Келісім» және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында су тасқыны кезінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар тізімі беткілді. Сонымен қатар, отырыс барысында мемлекет қолдауына ие болған «Жаңа толқын» кешенді жобасының мақсат-міндеті таныстырылды. Жиын соңында облыстық «Жастар ассамблеясының» белсенді мүшелері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


АЛЕКСАНДР УРМАШОВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін біз бірлестіктің алдағы жоспарларын талқылаймыз. маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісіне «Жаңа толқын» жаңа жобасы таныстырылған болатын. Бүгін солтүстікқазақстандық белсенді жастарға осы жобаны ұсынып отырмыз. Ол жерде біз өз ұйымымызды дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеуге, бүгінгі таңда жастар арасында өзекті мәселелерді қамтамасыз етуге тырыстық.