Осы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда, бұл дүбірлі додаға бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да тыңғылықты дайындылып жатыр.


Олардың қатарында Сәния Әскер бар. Ол Бес асықпен 7 жылдан бері айналысып келеді. Қазіргі таңда, Сәния Дүниежүзілік көшпенділер ойынына сақадай сай. 2 апта бойы Шучинск қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылармен жаттықты. Дүбірлі додаға жерлесіміз биыл ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында жоғары нәтиже көрсетуінің арқасында жолдама алған.


СӘНИЯ ӘСКЕР, БЕС АСЫҚТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

- Бізде 13 кезең болады. Қарсылас екеуіміз қарама-қарсы отырамыз, бізге 13 минут уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде кім 150 ұпай жинайды сол жеңіске жетеді.Жалпы 13 кезеңнің 12-сін ойнаймыз. Соңғы кезеңде бізде ұпай қағу болады. Бізде бір асық он ұпай береді. Қанша асық қағамыз сонша ұпай болады.