Шал ақын ауданындағы білім беру нысандары күрделі жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа 390 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Нәтижесінде 5 бірдей ауыл мектебі жаңа оқу жылына жаңартылмақ.


«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Шал ақын ауданындағы «Ақсу негізгі мектебі» ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылысты «Заңғар» серіктестігі жүргізген. 67 млн теңге бөлінген жөндеу жұмыстары маусым айының басында басталып, осы күні аяқталған.


ЖӘМИЛА НҰРҒАЛИЕВА, АҚСУ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің мектепте 40 оқушы оқиды. Жалпы, бұл округтегі 9 сыныптық қазақ тіліндегі жалғыз мектеп. Сондықтан Жаңасу, Ақсу мен Еңбек ауылдарының балалары осында келіп білім алады. Мектебімізде шатыр мен терезелерд ауыстырылды. Сондай-ақ 5 кабинет жиһазбен жабдықталған,


Сондай-ақ,биыл парталар және орындықтар да жаңартылған. Жалпы, биыл Шал ақын ауданындағы 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Ахметбеков мектебінің күрделі жөндеуі акт залына берілді. Ондағы есік, терезелер ауыстырылып,жылу беріледі. Жаңажол орта мектебінде жылу жүйеі және электр шамдары толығымен ауыстырылып, шатыры жаңартылып аяқталуға жақын. Ұзынжар орта мектебінде де солай.


5 мектептің әзірге біреуінде ғана жөндеу жұмыстары аяқталған. Қалғанындары тамыз айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.