Биыл экология департаменті зертханасының мамандары мемлекеттік экологиялық бақылау және мониторинг аясында, төтенше жағдай кезінде су сынамаларын алды. Су тасқыны кезінде Есіл өзенінен 64 сынама алынды. Нәтижесінде судағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан 37 рет асып кетуі анықталған Бұл туралы экологтар өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты.


Облыста экология мәселелері бойынша 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасы кешенді жоспары әзірленген. Құжатта атқарылуы тиіс 15 іс-шара көрсетілген. Қазіргі таңда оның 8-і орындалған. 2027 жылға дейін өңірдің 9 ауданында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарда бар. Айта кетейік, 2024 жылыдң алғашқы 6 айында экология департаментіне 90-нан астам адам жүгінген. Оның ішінде 30-ға жуығы рұқсатсыз пайда болған қоқыс алаңдары бойынша шағым келтірген. Жалпы, департамент 1 жартыжылдықта 20 тексеріс жүргізіп, 49 құқықбұзушылықты анықтаған. Қазіргі таңда, оның 43-і жойылды.


ЖАСЛАН САДУЕВ , СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- 2023 жылы СҚО бойынша 274 заңсыз қалдық орындары анықталды. Былтыр олар 100 пайыз жойылды. Сонымен қатар 2024 жылы СҚО қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру, соның жолын кесу бойынша мобильдік топ құрылды. Олардың жұмысының нәтижиесі бойынша 82 заңсыз орын анықталды. Бүгінгі күні оның 28-і жойылды.