Облыс полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткінің ең ірі партиясын тәркіледі. Синтетикалық есірткіні жеткізу арнасы тоқтатылды. 


Мамыр айының басында Петропавл қаласының шетінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «BMW» маркалы автокөлікпен жүрген үш күдіктіні ұстады. Рөлде отырған Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, көлікпен жасырынуға тырысты. Соңынан қуған кезде көліктің ішіндегілер терезеден қара түсті барсетканы лақтырып жіберген. Оның ішінен шамамен салмағы 1 кг. ұнтақ тәрізді зат бар түйіншек табылып тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл α-PvP деп аталатын синтетикалық есірткі болып шықты.


- Вещество находится бирюзового цвета.


Күдіктілер алысқа ұзамады, олардың көлігі Жұмысшы кентінен шыға берістегі айналма жолда тоқтатылды. Жүргізушіден бөлек көлік ішінде 35 жастағы тағы бір алматылық және Астана қаласында тұратын 24 жастағы бойжеткен отырған. Екі ер адам уақытша тұрып келген Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерден солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қызметтік іссапар барысында синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді, электрондық таразыны, буып-түю материалын, 1 кг. синтетикалық есірткіні, сондай-ақ 20 гр. гашиш тәркіледі.


Руслан Үмбетов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а.:

Сараптамаға сәйкес алыңған зат жалпы салмағы екі килограмм alpha-PVP және мефедрон болып табылады. Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚК-тің 297 бабы 3 бөлімі бойынша тергеледі. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен сотталады. 


Екі алматылық күзетпен қамауға алынды. Топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.