Полиция қызметкерлері колледждерге барып, студенттерге әңгіме жүргізді. Интернет - алаяқтық туралы кеңінен айтып, «дроппер» деген ұғымға түсініктеме берді.


Тәртіп сақшылары Петропавлдың барлық колледжіне ақпараттық баннерлер орнатты. Сондай-ақ, жастарды онлайн жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, өзара әңгіме жүргізді.


ТАТЬЯНА ШУСТОВА, ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

- Бүгін кездесуге 18 адамнан тұратын 8 топтың студенттері қатысты және бұл кездесу олардың осы мәселелер бойынша шешім қабылдауында пайдалы болады деп үміттенеміз. 


Кездесу барысындар тәртіп сақшылары жастарды алаяқтарға алданып, дроппер болмауға шақырды. Дроппер дегеніміз – айлакерлер ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Кейде карточкасын үшінші тұлғалар пайдаланғанын білмеген адам алаяқтық объектісіне айналуы мүмкін. Дропперлерді әртүрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді.


МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Әрбір екінші қылмыс дропперлердің қатысуымен жасалады. Бір қылмыстық істе 2-ден 5-ке дейін дропперлер бар. Осыған байланысты, біз әлеуметтік желілерде жұмыс іздеу кезінде қылмыстың қалай қатысушысы болып қалмау керектігін түсіндіре отырып, Петропавл қаласының колледж студенттері арасында профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз. 


Алаяқтар адамдарды «дроппер» болсаңыздар аударылған ақшадан пайыз алып отырасыз, жұмыс өте жеңіл, онлайн жұмыс істеу арқылы оңай табыс табасыз деп сендіреді. Жалпы, облыста жыл басынан бері 528 интернет алаяқтық тіркелді.