Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ ел президентінің кезекті жолдауын іске асыру мәселелерін талқылады. Арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде қатысушылар жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың тиімділігін талдады.


Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағыттары бекітілді. Мемлекет басшысының кезекті жолдауы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің директорының айтуынша ел үкіметі экономикалық дамуға, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнестің артуына жыл сайын қолдауды арттырып келеді.


СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қоғам бұл мемлекеттің өзі және де түрлі саяси партиялар, түрлі қоғамдық орындар және жеке адам. Осы топтардың бірлесе отырып, әділетті қазақстанды құрудың жолдарын нақты бағыттарын көрсетіп тұр. Бұл экономика саласындағы былтырғы айтқан жолдауындағы істердің жүзеге асқанын айтса, яғни өндіруші өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсібіміздің басым бола бастағанына назар аударды. 


Президент жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екені айтты. Елдегі жас буын өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын жетік меңгеруі тиіс, қандай қызмет болса да қадірін түсініп атқарғаны жөн. Осы тұста, Қозыбаев университетінің деканы өз саласын жетік меңгерген кез-келген маман әрқашан сұраныста болады дейді.


ЗӘУРЕ КАРТОВА, ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

- Президенттің жолдауындағы ең маңызды айтылған нәрсе ол кадрлық әлеуетін дамыту. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындар, орта оқу орындар міндетті түрде сапалы кадрларды даярлауға барлық іс-әрекеттер жұмсау қажет. Оның ішінде 23 жоғары оқу орындарында халықаралық вуздардың филиалдары ашылды. Мысалы өзіміздің аймақтық солтүстік қазақстан университетін алсақта Аризона университетінің филиалы ашылып, 16 білім бағдарламасы бойынша білім берілуде. 


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп атады. Оның аясында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау міндеті тұр.


Зарина Кәп