Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум 6-ша қазанда өтеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте болған халыққа жолдауында мәлім етті. АЭС Алматы облысы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан Үлкен ауылында салынуы ықтимал. Жалпы осы жоба бойынша референдум өткізу жайы 1 жылдан бері талқыланып келеді.


Осыған байланысты 2-ші күн қатарынан жастар ресурстық орталығы үгіт-насихат қағазын Петропавл тұрғындарына таратып жүр. Бұл жұмыс келесі айдың басына дейін жалғасады.


АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ:

- Әрбір адамның дауыс бергені маңызды. Сондықтан біз осындай парақтарды таратып жүрміз. Көбінесе қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Алда болатын референдумға барлығы келіп дауыс бергенін қалаймыз.