Елімізде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы маңызды жұмысты «Самұрық – Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды. Бұл туралы Президент өз Жолдауында айты. Айта кетейік, биыл 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді.


Петропавлда 600 және 900 орынға шақталған екі «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. Олар «Береке» мен «Орман» шағын аудандарында орналасқан. №5 орта мектептің директоры Күлімкөз Смаилова бұл білім саласының дамуына септігін тигізетінін айтты.


КҮЛІМКӨЗ СМАИЛОВА, №5 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

- Олар мүлде өзгеше болады. Сондай-ақ, жайлы, кең, эстетикалық, экологиялық, болмақ. Бұл мектеп оқушыларына әлдеқайда көп мүмкіндіктер туғызады. Ерекше заманауи жабдықталады. Бұл орта білім саласының алға басуына септігін тигізетін ерекше жоба деп білеміз.


Ұстаздар – ұлттық зияткерлік қуаты. Осы орайда, Президент өз сөзінде: «мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал» деді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты екенін айтты.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, «АУЫЛ» ХДПП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қоғамда баланы ең алдымен ата-ана тәрбиелеуі қажет. Қазір балаларда қандай да бір оқыс жағай болса, бірінші сынып жетекшісі немесе директоры орнынан кетіп жатады. Бірақ, мен бірінші орында ата-ана жауапты болуы керек деп ойлаймын. Президент осы орайда мұғалімдердің мәртебесі жөнінде де толыққанды айтып өтті. Мәселен, соңғы 3 үш жылдың ішінде мұғалімдерге қатысты заң да қабылданданды. Реформа енгізу керек болса, реформа да қабылдаймыз деп нақтылап айтты.


Жалпы, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Мемлекет басшысы «Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек»,- деген тапсырма берді.