Көктемде елдің көп бөлігін су басып, төтенше жағдай жарияланған уақытта елдің барлық күштік құрылымы халыққа көмек көрсетті.

Осыған орай бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.


Апат айтып келмейді. Қиын қыстау кезеңде халықтың жанынан табылып, міндетін мүлтіксіз орындаған төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне бүгін құрмет көрсетілді. Оларға облыс мәслихатындағы "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Евгений Кинцель ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апатпен күрескені үшін» медалін табыстады.


ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

- Біздің депаартаменттің қызметкерлері құтқарушылары шаршап-шалдықсада күні-түні өздерінің қызметтерін адал және бар күш жігерлерін салғанының арқасында суда қалған көп үйлерді құтқарып қалды. Ең бастысы біз үшін халық үшін ол адамдардың өлімі шығыны болуына жол берген жоқпыз. 


Облыста 40 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдер де болған. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының бастығы Еділ Зикрин халықты эвакуциялау оңай болмады деп еске алды. Ол су басқан Ойқала шағын-ауданында 1 ай бойы тасқынға қарсы тынымсыз жұмыс істеген.


ЕДІЛ ЗИКРИН, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Құтқарушылардың басты жұмысы адамды эвакуациялау ғой. Ең бірінші орында біз адамдарды су тасқыны келген кезде эвакуацияладық. Адамдарды қауіпіз жерлерге көшірдік. Ол жерде көп адамдар құлақ аспай, хабарландыруға құлақ аспай қалып қойғандарда болды. Үйлерін су басып, үйдің ішінде. Сондай адамдарды үйдің ішінен үйлердің төбесінен алып қауіпсіз жерге көшірдік.


Табиғат апатымен күрескен құтқарушылар қазір қалыпты жұмысқа көшкен. Алдағы уақытта кез-келген жағдайға дайынбыз дейді.


Зарина Кәп