Ел президентінің шешімімен қазанның 6-ы - жалпыұлттық референдум болатыны баршаға мәлім. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді. Халық арасында талқылауға жеткілікті түрде уақыт берілді. Осы орайда түрлі тұшымды ойлар айтылып, пікірлер білдіріліп те жатыр.


Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін талқылаулар өтіп жатыр. Бүгін сондай басқосу Петропавлдағы №4 орта мектепте ұстаздар қауымының қатысумен ұйымдастырылды.


БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» СҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мәрте АЭС салу мәселесіне тоқталды. Еліміз 2030-шы жылға қарай мүлде энергиясыз қалуы мүмкін, бұл жағдайда экономикамыз құлдырайды. Сондықтан бұл мәселені өзге емес өзіміздің ел тұрғындары бірлесе шешуі тиіс.


Еліміздің болашағы үшін салынатын атом электр стансасы туралы барынша байыпты шешім қабылдау - жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуға тиіс. «Аmanat» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель осындай пікірде.


АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

- АЭС салсақ бүгінгі дефицит тапшылығы жойылады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары пайда болып, инфрақұрылым да дамиды. Бұл бастама тек бір ғана өңірді емес тұтас елімізді қамтиды. Бүгін осы туралы халықты құлақтандырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізбекпіз.


Петропавлда өткен іс-шараға 30 білім ордасының өкілдері қатысты.