Биыл облыстағы егіс алқабының жалпы көлемі 4,4 млн гектар. Оның ішінде 3,3 млн. га - дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген. Қазіргі таңда диқандар 440,8 мың га алқаптың өнімін жинап, 762,7 мың тонна астық бастырды. Шаруалар гектарынан 17,3 центнерден өнім алып жатыр. Жиын-терім науқанына қазір тек қолайсыз ауа-райы ғана кедергі келтірген. Жалпы өңірде 46 элеватор бар, олардың жалпы көлемі 3,2 млн.тонна. Ал ауыл шаруашылығы құрылымындағы нысандарды қоса алғанда, облыс бойынша сыйымдылық 6,9 млн. тонна. Яғни Облыс элеваторлары жаңа астықты қабылдауға сақадай сай. Айта кетейік, жалпы биыл астық жинау науқанына 7 мыңнан астам техника жұмылдырылды .