Қазақстан халқы тілдері күніне орай С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Тіл-ұлт бірлігі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Оған Аманат партиясының мүшелері, ҚР ҰҰ академиясының курсанттары, полиция қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.


Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылдан бері аталып келеді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс-шараның негізгі мақсаты қазақ тілінің мәртебесін көтеру.


ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстандағы барлық ұлттардың тілдерін насихаттау. Біздің енді республикамыз тату тәтті өмір сүріп жатқан ел. Енді бұның ең бір басты мағынасы да 5-ші қыркүйек күні тойланғаны ұлт ұстазы тіл жанашыры, қазақ тілінің әліппесін жасаған Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылып отыр. Енді бұл күні барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл қазақ тілін білуге шақырамын. ҚР тіл туралы заңының 4-ші бабында барша қазастандықтар мемлекеттік тілді білу парыз деген. Жәде де бұл тіл барша қазастандықтарды біріктіруші фактор болып табылады.


Бүгінгі іс-шарада Ахмет Байтұрсыновтың, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, Ақан серінің әндері шырқалды.


ЗУЛЕЙХА БИКМЕТОВА, СҚО ҚХА «ДУСЛЫК» ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Тілге байланысты тақырып маған жақын. Себебеі мен 17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде жұмыс істеДІМ. Ол жерде 10 тілді оңай үйреніп алуға болады. Абай біз көп тілдІ білуіміз керек сол кезде барлығымен тең боламыз деп бекер айтпаған. Әрине қазақ тілін білу керек. Және басқа тілдерді қоса үйрену керек.


Айта кетейік, биыл елімізде тіл мерекесі 26 жыл қатарынан тойланып жатыр.


Дариға Қуаныш