Облыс полицейлері мемлекеттік тілден және ел тарихынан білімдерін жетілдіріп жатыр.Тәртіп сақшылары облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Алаш қайраткерлері жайында біраз мәлімет алды.


Облыстық тарихи-өлкетану музейінде СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің қызметкерлері мен музей басшылығы бірлесіп, танымдық экскурсия өткізді.


Тәртіп сақшылары ел тарихына қатысты білімдерін пысықтады. Музей қызметкерлері саяси қуғын-сүргін кезеңі жайлы сөз қозғап, қазақ халқының біртуар азаматтары, олардың ішінде Әлихан Бөкейханов, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов туралы әңгімеледі. Маманның айтуынша, Солтүстік Қазақстанда 7600 адам қуғын-сүргінге ұшыраған ал 1,5 адам ату жазасына кесілген.


СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:               

- Экскурсия Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек басқа да іс-шараларды өткізу жоспарда бар.


Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, Полиция департаментінің холлында кітап көрмесі ұйымдастырылды.