Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанын айтты. Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Себебі, еліміздің экономикасы күн өткен сайып дамып, энергияға деген қажеттілік те артып келеді. Еске сала кетейік, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазан күні өтеді.


Бүгінгі таңда еліміздегі жылу электр стансаларында көптеген жабдықтардың тозығы жеткен. Соның кесірінен, апаттар да жиілеп кетті. Сондай-ақ, бірнеше өңір электр энергиясы тапшылығынан зардап шегіп отыр. Ал, Қазақстанның континенттік климаты күн және жел қондырғылары арқылы қажетті энергияны өндіруге қолайсыз. Петропавл қалалық мәслихаттың депутаты Павел Афанасьевтің сөзінше, республикамыз қазір электр қуатын көршілес мемлекеттерден қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болып отыр.


ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Менің ойымша, Қазақстанда атом өнеркәсібі жоғары деңгейде дамуы қажет. Біздің еліміз уран өндіреді, шетелге экспорттайды. Бірақ, өзімізде АЭС жоқ. Оны салуға, электр энергиясын өндіруге қауқарымыз жетерлік. Алайда, біз оны Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан 1 КВТ-ын 50-60 теңгеге сатып алып отырмыз. Бұл, өте қымбат баға. АЭС бүгін салына салатын нәрсе емес. Шамамен 10 жыл керек шығар. Бірақ, оны ең білікті деген мамандар салары анық. Болашағын ойлайтын әрбір азамат Референдумға қатысып, дұрыс шешім шығарып, дауысын беруі қажет.